Түркістан: «Тұран су» мекемесінің өндірістік-техникалық базасының жұмысы пысықталды
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Тұран су» мекемесінің өндірістік-техникалық базасында болып, жұмыс барысын тексерді.
2 гектар аумақта орналасқан база мекеме техникасына қызмет көрсетіп, қажетті жөндеу жұмыстарын атқарады. Қазіргі таңда мекеменің балансына 81 арнайы техника тіркелген.
Сонымен қатар, Нұрбол Тұрашбеков параболалық лоток өндірісінің құрылыс нысанын аралады. Құрылыс аяқталуға жақын, іске қосылғанда тәулігіне 30 параболалық лоток шығарылады. Бұл лотоктар арық-атыздарға орнатылып, су ағынын шаруаларға шығынсыз жеткізуге мүмкіндік береді.
Облыс әкімінің орынбасары нысанды табиғи газбен қамту және шикізат алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
2024 жылы «Тұран су» мекемесі облыс бойынша 122,9 шақырым каналды механикалық тазалаудан өткізсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 236,7 шақырымға жетті.