Түркістан облысында азаматтардың өтініштері кезең-кезеңімен шешілуде. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев кезекті жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ол барлық мәселенің тек заң талаптары шеңберінде қаралатынын атап өтті.
Қабылдауда азаматтар спорт, мәдениет және ономастика салаларына қатысты сұрақтар көтерді. Сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің қызметіне байланысты пікірлер айтылды.
Ертай Алтаев жауапты мамандарға өтініштерді жан-жақты зерттеп, заңға сай шешу туралы тапсырма берді. Әр мәселе құқықтық нормаларға сәйкес қаралатын болады.
