ТҮРКІСТАН: ҰСТАЗДАРҒА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН ЖОБА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

 

Түркістан қаласында мұғалімдерді жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын тиімді әрі жауапты қолдануға үйретуге бағытталған «Ustazga AI: жасанды интеллект педагог көмекшісі ретінде» жобасының таныстырылымы өтті. Шараның мақсаты – педагогтардың жұмыс жүктемесін азайтып, оқыту сапасын арттыру.

Кездесу «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өтті. Оған «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова, «Daryn.online» компаниясының бас директоры Айбек Қуатбаев, «Daryn Ustaz» компаниясының мемлекетпен байланыс бөлімінің басшысы Ерлан Абдиманапов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова қатысты.

Жиынға облыстық білім басқармасына қарасты барлық ұйымдардың жауапты мамандары, әдістемелік орталықтардың жетекшілері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектептер мен колледждердің директорлары қатысып, ЖИ технологияларын білім беру процесіне кіріктірудің маңыздылығымен танысты.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Мемлекет басшысының Жолдауына сілтеме жасап, цифрландыру мен жасанды интеллект салаларын басым бағыт ретінде атап өтті. Ол білім саласын цифрландыру, жасанды интеллект арқылы білім беру сапасын арттыру, педагогтардың цифрлық сауаттылығын жетілдіру бағытында нақты шаралар қабылданып жатқанын жеткізді.

Кездесуді «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, «Әйелдер қанатының» жетекшісі Қалыйма Жантөреева ашып жүргізді. Партия хатшысы Шолпан Қаринова педагогтарды қолдау бағыты бойынша «Цифрлы қоғам» жобасын таныстырды.

«Daryn.online» компаниясының бас директоры Айбек Қуатбаев пен «Daryn Ustaz» бөлім басшысы Ерлан Абдиманапов «Ustazga AI» платформасының мүмкіндіктерін таныстырып, педагогтарды онлайн курстар арқылы ЖИ құралдарын тиімді пайдалануға үйрету жолдарын көрсетті.

Жобаны «AMANAT» партиясы мен «Daryn Ustaz» орталығы бірлесіп жүзеге асырады. Жоба үш негізгі кезеңді қамтиды және тегін онлайн курстар арқылы мұғалімдердің цифрлық құз

Ұқсас жаңалықтар

Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру мемлекеттік қызметі

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АЛАУЫ» ЭСТАФЕТАСЫ ӨТТІ

berdaly_oraz

Темірлан Анарбековтің қос сейві УЕФА апталық үздік сәттерінің қатарында

berdaly_oraz