ТҮРКІСТАНДА 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарды ынтымақ пен келісім мерекесімен құттықтады.

Облыс әкімі өз сөзінде бірлік пен татулық ел дамуының басты негізі екенін атап өтті. Сондай-ақ Түркістан облысында түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанын айтып, өңірдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың маңызына тоқталды.

Мереке барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткен этномәдени бірлестік өкілдері марапатталды.

Іс-шара аясында жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Сахнада «Жаңа леп» өнер ұжымы, «Фараб» би ансамблі, «Семсер» тобы, Гүлнұр Нұратаева, Мадина Бекболат, Құралай Қасымова, «Ай-дана» дуэті, Айдар Досымжан, Әсима Тілектес және «Арнау» тобы өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ән мен жырға толы мерекелік кеште халықтар достығы, бірлік пен мәдени ынтымақтастық кеңінен насихатталды.

Айта кетейік, өңірде қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған бірқатар жобалар мен тағылымдық іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Этномәдени бірлестіктер, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, жастар ұйымдары мен өзге де құрылымдар облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысып келеді.

Түркістандағы Бірлік күні мерекесі ел ішіндегі татулық пен өзара сыйластықты дәріптеген мазмұнды шараға айналды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында оқырман мәдениетін дамытуға бағытталған жобалар жүйелі түрде іске асуда

berdaly_oraz

Сорбұлақтағы тікұшақ апатына байланысты су қоймасының 50%-ы тексерілді

Түркістан облысында жұма намазы кезінде түсіндіру жұмыстары өтті

berdaly_oraz