Қаржы нарығы 5 маусымдағы шешімді күтуде

Қаржы нарығының басым бөлігі Қазақстан Ұлттық банкі 5 маусымда өтетін кезекті отырысында базалық мөлшерлемені төмендетеді деп күтуде. Мұндай болжам Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының аналитикалық орталығы жүргізген маусым айындағы сауалнама нәтижесінде белгілі болды.

Сауалнамаға қатысқан сарапшылардың 59 пайызы базалық мөлшерлеме қазіргі 18 пайыздан 17,5 пайызға дейін төмендейді деп есептейді. Олардың пікірінше, инфляция қарқынының біртіндеп баяулауы және экономикалық көрсеткіштердің тұрақтануы Ұлттық банкке ақша-несие саясатын жұмсартуға мүмкіндік беруі мүмкін.

Сонымен қатар нарық қатысушылары бір жылдан кейін базалық мөлшерлеме 15,75 пайыз деңгейінде болады деп болжап отыр. Бұл қаржы нарығы өкілдерінің Ұлттық банк саясатының біртіндеп жұмсаратынына сенім білдіретінін көрсетеді.

Қауымдастық сарапшыларының бағалауынша, келесі жылы елдегі реалды мөлшерлеме де қазіргі болжамдағы 7,6 пайыздан 5,15 пайызға дейін төмендеуі мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

ҚХА-ның 30 жылдығына орай «Түркістан – бірліктің бастауы» фотобайқауы өтті

Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы сайланды

Түркістанда шегірткеге қарсы майдан: әр гектар – бақылауда

Альфия Адамбек