ТҮРКІСТАНДА 2025 ЖЫЛЫ 3000-ДАН АСТАМ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан қаласында биылғы жылы 944 пәтерден тұратын 11 тұрғын үй салынып, пайдалануға беріледі. Оның 4-і бүгінде толық аяқталып, 348 пәтер иелеріне табысталған. Сонымен қатар, «Отбасы банк» арқылы 2025 жылы тағы 2082 пәтердің құрылысы жоспарға енгізілген.

Қала әкімінің орынбасары Талғат Төлегеновтің айтуынша, Түркістанда қазіргі таңда 17 058 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде 6 487-сі — әлеуметтік әлсіз топ өкілдері, 5 185-і — көпбалалы отбасылар, ал 181-і — тұл жетімдер. Бұған қоса, екі үй апатты деп танылып, тұрғындары жаңа баспана кезегіне енгізілген.

2025 жылғы 24 мамырдан бастап жаңа заң бойынша соңғы бес жылда меншігінде үйі болмаған азаматтар, санатына қарамастан, тұрғын үй кезегіне тұру құқығына ие болады. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы пәтерлерді жекешелендіруге де өзгерістер енгізіліп, кейбір санаттағы азаматтар өздері тұрып жатқан баспананы өтеусіз иелену мүмкіндігіне қол жеткізеді.

«Отбасы банк» филиалы директорының орынбасары Дәурен Мырзатаевтың айтуынша, Түркістандағы несиеге берілетін пәтерлердің 1016-сының әр шаршы метрі – 180 мың теңге, ал қалған 1066 пәтерде – 220 мың теңге болып белгіленген.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте Халықаралық музейлер күніне орай «Музейдегі түн» ерекше форматта өтті

berdaly_oraz

Азаттықтың жабылуын қолдайтындар тәуелсіз журналистикадан қорқады – Қалима Тәжіқұл

berdaly_oraz

Түркістан төрінде “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің концерті өтті

Пікір жазу