Нұралхан Көшеров Түркістан облысы тұрғындарымен жеті сағатқа жуық ашық форматта кездесу өткізді. Қабылдауға 50-ге жуық азамат қатысып, өздерін толғандырған мәселелерді тікелей жеткізді.
Кездесу барысында баспана кезегі, жер телімдерін заңдастыру, құрылыс сапасы, әлеуметтік көмек пен жұмыспен қамту, сондай-ақ білім және денсаулық сақтау салаларына қатысты сұрақтар көтерілді. Бірқатар өтініштерге сол жерде түсіндірме беріліп, жедел шешімдер қабылданды.
Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер жауапты басқармаларға жолданып, бақылауға алынды. Өңір басшысы тұрғындардың ұсыныс-пікірлері алдағы даму жоспарларында ескерілетінін атап өтті.
