Түркістанда әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлеріне арналған семинар өтті

 

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметкерлерге арналған семинар-кеңес өтті. Іс-шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Өркен Алшынбаева арнайы келіп қатысты.

Семинар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мемлекеттік қызметтегі Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелеріне арналды. Жиынға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменттерінің өкілдері қатысты.

Өркен Алшынбаева өз баяндамасында мемлекеттік қызметшілердің заңнаманы сақтауына ерекше назар аударып, этикалық қағидаттарды қатаң ұстанудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, жиында мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен кәсіби әдебі кеңінен талқыланды.

.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісу облысында білім бөлімінің бухгалтерлері сотталды

Ордабасыда 10 мыңға жуық тал көшеті отырғызылды

berdaly_oraz

Түркістанда «АЙБЫН-2025» әскери-патриоттық ойындары өтті

Пікір жазу