Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында өңірге инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және жобаларды жүйелі сүйемелдеу мәселелері талқыланды.
Жиында қаралған негізгі тақырыптар:
2026 жылға жоспарланған жобалар;
Шетелдік инвесторлармен келіссөздердің орындалуы;
Кешіккен жобаларды жандандыру.
Облыс басшысы Нұралхан Көшеровтің сөзінше, экономиканы әртараптандыру және отандық өндірісті дамыту басты міндет болып табылады. Индустриалды аймақтардағы игерілмеген жерлер мемлекетке қайтарылып, нақты жұмыс істейтін кәсіпкерлерге беріледі.
Мақсат – өңірге инвестиция тарту, өндірісті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау.
