Түркістанда IT университетінің құрылысы аяқталуға жақын: министр Саясат Нұрбек нысанды аралады

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалы болып ашылатын жаңа IT университетінің құрылысымен танысты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров министрге құрылыс барысы туралы мәлімет беріп, оқу орнын биыл маусым айының соңында пайдалануға беру жоспарланып отырғанын жеткізді.

Аталған жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен шетелдік беделді оқу орындарының филиалдарын Қазақстанда ашу аясында жүзеге асырылуда. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 85%-ы аяқталған. Сонымен қатар, 600 орындық студенттік жатақхана да жеке кәсіпкердің қолдауымен салынып жатыр.

Жаңа университет жасанды интеллект, үлкен деректерді талдау, бағдарламалық қамтамасыз ету, мультимедиа және веб-дизайн секілді IT салалары бойынша мамандар даярламақ. Алғашқы оқу жылында 2 факультет ашылып, алдағы уақытта оқу орны 2340 студентке дейін қабылдай алады. Сонымен бірге студенттерге қос диплом алу және Кореяда білімін жалғастырып, жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылады.

Министр оқу орнын кәсіби мамандармен қамтамасыз етуді және құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды. Министрлік тарапынан қажетті қолдау көрсетілетіні де атап өтілді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 28 полицей жазаланды

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ӨЗБЕК ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ

Арыс қаласының әкімі халықаралық және республикалық жарыстарда топ жарған жергілікті спортшылармен кездесіп,құттықтады

berdaly_oraz

Пікір жазу