Түркістанда менталды бұзылыстары бар балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылды

Түркістанда менталды бұзылыстары бар балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылды,-деп жазады Арысинфо.кз.

Түркістан облысында балалардың әлеуметтік қолдауын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды нысан – «Қамқорлық» арнаулы қызметтер көрсету орталығы өз жұмысын бастады. Ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарды құттықтады.

– Бүгін біз үшін ерекше қуанышты күн. Түркі әлемінің астанасы тарихи Түркістан қаласы тағы бір әлеуметтік нысанмен толығып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейтіп, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауды тапсырған болатын. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде «Қамқорлық» жаңа арнаулы әлеуметтік орталығы ашылып отыр. Мұнда бір уақытта 18 жасқа дейінгі 125 балаға 8 бағыт бойынша жартылай стационарлық жағдайда сапалы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі, – деді Нұралхан Көшеров.

Орталықта 90-ға жуық жұмыс орны құрылып, іргелес жатқан төрт аудан мен қаланың тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылады. Жаңа орталық заманауи құралдармен жабдықталып, балалар үшін барлық жағдай жасалған. Орталықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, демеушілік жасаған «Samruk-Kazyna Trust», «Қазақстан халқына» және «Қамқорлық» қорларына алғыс айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Redaktor Arysinfo

Төлеби ауданында 36 көпбалалы анаға мемлекеттік награда табысталды

berdaly_oraz

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «ӘР ӘКІМ ӨЗ ЖҰМЫСЫНА ЖАУАП БЕРУІ ТИІС»

berdaly_oraz