Түркістанда мұғалімдерге арналған жасанды интеллектті қолдану жобасы таныстырылды

 

Түркістан қаласында білім беру саласындағы инновациялық бастамалардың бірі – «Ustazga AI: жасанды интеллект педагог көмекшісі ретінде» жобасының таныстырылымы өтті. Жиынның мақсаты – ұстаздарды жасанды интеллект технологияларын тиімді әрі жауапты қолдануға үйрету, сондай-ақ олардың күнделікті жұмыс жүктемесін жеңілдетіп, оқыту сапасын арттыруға қолдау көрсету.

Кездесу барысында жобаның негізгі мүмкіндіктері мен артықшылықтары таныстырылды. Атап айтқанда, жасанды интеллектті сабақ жоспарын әзірлеуге, оқу материалдарын бейімдеуге, бағалау жүйесін жеңілдетуге және оқушылармен кері байланысты жақсартуға пайдалану жолдары түсіндірілді. Мамандардың айтуынша, бұл құрал мұғалімдердің уақытын үнемдеп қана қоймай, әр оқушыға жеке тәсіл қолдануға мүмкіндік береді.

Жоба авторлары педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттыру, жаңа технологияларды икемді әрі қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру – білім беру сапасын арттырудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Шараға қатысқан мұғалімдер «Ustazga AI» платформасының мүмкіндіктерімен танысып, практикалық оқытуға қатысты сұрақтарын қойды.

Кездесу соңында жобаны өңір мектептерінде кезең-кезеңімен енгізу және оны мұғалімдердің күнделікті тәжірибесіне бейімдеу бойынша ұсыныстар талқыланды. «Ustazga AI» бастамасы Түркістан өңірінде білім сапасын көтеруге бағытталған маңызды құралдардың біріне айналмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда Мажарстандық инвестициямен құрама жем зауыты салынады

berdaly_oraz

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТИІМДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Redaktor Arysinfo