Түркістанда «Отбасы Life» сайысы өтті

Халықаралық отбасы күніне орай Түркістанда жас отбасылар арасында «Отбасы Life» атты мерекелік-танымдық сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараны Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді.

Сайыстың мақсаты – ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді насихаттай отырып, жас отбасыларды қолдау, олардың арасында өзара сыйластық пен ұйымшылдықты арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу болды.

Ашылу салтанатында орталық басшысы Ернар Бектаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шарада «Айдай» би ансамблі мен жас әнші Данагүл Ынтықбай өнер көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді. Сайыстың үйлесімді өтуіне Бекқасым Диас пен Майлыбаев Асылбек үлес қосты.

Облыстың түрлі аудандарынан жиналған 14 жас отбасы төрт кезең бойынша сынға түсті: эстафеталық жарыс, зияткерлік сайыс, спорттық жарыс және шығармашылық өнер байқауы.

Сайыс қорытындысы бойынша, Төлеби ауданынан келген Абетаевтар отбасы 1 орынды жеңіп алды. Кентаудан Набиевтар мен Түркістаннан Аитметовтар отбасы 2 орынға, ал Саураннан Тойбековтар мен Шардарадан Истургановтар отбасы 3 орынға ие болды.

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Дональд Трамптың Газа секторын тегін алуға ниеті мен Иорданияның әрекеті

berdaly_oraz

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 7263 іс-шара басталды

berdaly_oraz

Қазақстанда картоп бағасын тұрақтандыру үшін жаңа әдіс ұсынылды

berdaly_oraz

Пікір жазу