Түркістан облыстық №2 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Заңғар Қасқаев өңірлік іссапар аясында Арыс қаласы мен Ордабасы ауданына барып, каратэ және бокс бөлімдерінің оқу-жаттығу үдерісін тексерді.
Директор спортшылардың дайындығы мен жаттықтырушылар құрамының жұмысын саралап, оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру, бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға қатысты міндеттерді анықтаы.
