ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Түркістан облысында тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау және олардың инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері талқыланған кеңейтілген жиын өтті. Басқосуды облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізді. Жиын Мемлекет басшысының мәдени нысандардың жағдайын жақсарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылды.

Кеңесте өңірдегі тарихи орындарды сақтау, оларды туристік тұрғыдан дамыту және инфрақұрылымдық қолдауды күшейту бойынша бірқатар мәселелер қаралды. Қатысушылар ең алдымен тарихи-мәдени мұралар тізіміне енген елді мекендерді кеңінен насихаттау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар жаңа мәдени жобаларды іске асыру, өңірге туристерді тарту механизмдерін жетілдіру және тарихи бағыттағы іс-шараларды жандандыру бойынша ұсыныстар берілді.

Жиын барысында тарихи нысандарға ғылыми экспедициялар ұйымдастыру, тарихи тұлғалар мен маңызды оқиғаларды таныстыруға арналған мультимедиялық және голографиялық материалдар әзірлеу, Түркістан мұражайларында заманауи бейне инсталляциялар мен виртуалды көрмелерді енгізу мәселелері де талқыланды. Туристік өнімдердің жаңа форматтарын әзірлеу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту ұсынылды.

Талқылаудың маңызды бөлігі ретінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан баб, Әмір Темір мемориалы, Отырар қалашығы мен Бердібек сарайы секілді өңірдің басты тарихи нысандарының инфрақұрылымын жақсарту мәселелері көтерілді. Бұл объектілерді сақтау, туристік бірегейлігін арттыру және қолжетімділігін жақсарту қажеттігі баса айтылды.

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев салаға жауапты басқармаларға нақты тапсырмалар беріп, ұсынылған жобаларды пысықтап, іске асыру бойынша тиісті шараларды қабылдауды жүктеді.

Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы 1780 тарихи-мәдени мұра нысаны бар. Соның 167-сі мемлекеттік тізімге енген және туристер жиі баратын маңызды тарихи орындар санатына жатады.

Ұқсас жаңалықтар

Төлебилік кәсіпкер тоғандарда 80 тоннаға жуық балық шабақтарын өсіруде

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ КҮРТ ӨСІП ОТЫР

Redaktor Arysinfo

Сара Назарбаева қайтыс болды — БАҚ