Түркістан облысының жастары экологиялық тәрбие мен табиғатты қорғауды насихаттау мақсатында «EcoAction» челленджін ұйымдастырды. Іс-шара облыстағы аудан-қалалық «Жастар ресурстық орталықтарының» қатысуымен өтті. Бұл бастама Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен жүзеге асырылып, өңірдегі 17 аудан мен қалаларға жолданды. Челлендж аясында облыс орталығының жастары сенбілік ұйымдастырып, оны аймақтарға әлеуметтік желі арқылы жолдады. Кейін өзге өңірдегі жастар челленджі жалғастырды.
Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның басшысы Ернар Бектаевтың сөзінше, бұл бастама экологиялық мәдениетті нығайтуға, жастар арасындағы ынтымақтастық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
«Табиғатты қорғау мақсатында ұйымдастырылған «EcoAction» челленджі экологиялық мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашып, өңірлік жастар қауымдастығына үлгі болуда. Сондай-ақ, жастардың қоғамдағы маңызды мәселелерге бей-жай қарамайтынын, табиғатқа деген жауапкершілігін және болашаққа деген қамқорлығын көрсетеді. Мұндай игі шаралар өңірде алдағы уақытта да ұйымдастырылады», — деді орталық басшысы.
Молодежь Туркестанской области организовала челлендж «EcoAction» с целью пропаганды экологического воспитания и охраны природы. Мероприятие прошло с участием районных и городских «Молодежных ресурсных центров» области. Данная инициатива была реализована при поддержке Управления общественного развития Туркестанской области, КГУ «Молодежный ресурсный центр» и передана в 17 районов и городов региона. В рамках челленджа молодежь областного центра организовала субботник и направила его в регионы через социальные сети. Затем продолжился молодежный челлендж в другом регионе.
По словам руководителя Молодежного ресурсного центра Туркестанской области Ернара Бектаева, данная инициатива направлена на укрепление экологической культуры, повышение ответственности и сотрудничества между молодежью.
«Челлендж «EcoAction», организованный в целях охраны природы, открывает путь к росту экологической культуры на новый уровень и служит примером для регионального молодежного сообщества. Он также показывает, что молодые люди неравнодушны к важным проблемам в обществе, несут ответственность за природу и заботу о будущем. Такие добрые мероприятия будут организованы и в дальнейшем в регионе», — сказал глава центра.
