ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында «Заң мен тәртіп» атты семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп мәдениетін нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру және уәкілдердің қызметінің тиімділігін күшейту.

Семинарға Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ербол Керімбекұлы, персоналды басқару қызметінің басшысы Бақыт Жолдасбекұлы, Қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Серікұлы, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті өкілдері қатысты.

Баяндамашылар мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтау жауапкершілігін атап өтіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша нақты шаралар жайында түсіндірді. Сонымен қатар, қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуда адалдық пен әділдіктің рөліне ерекше мән берілді.

Семинар барысында қатысушылар түрлі жағдайлардағы этикалық шешім қабылдау мысалдарын талқылап, мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында пікір алмасты. Мұндай шаралар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін күшейтуге ықпал ететіні атап өтілді.

Сурет: Түркістан обл әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында әкімдер мен басқарма басшыларының жұмысына жаңа бағалау жүйесі енгізіледі

berdaly_oraz

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Шымкент әкімдігі Берденовтың оқиғасы туралы мәлімдеме жасады