Түркістанда жаңа Конституция жобасына қатысты өңірлік талқылау өтті

Түркістан облысы әкімдігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға облыс және аудан деңгейіндегі әкімдер, мемлекеттік органдардың өкілдері, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен жастар қауымдастығы қатысты.

Кездесуді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жүргізіп, елде қолға алынған конституциялық реформалардың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекетті басқару жүйесін жаңғыртып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Жиында Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген Конституцияның жаңа жобасы аясында Парламенттік реформалар, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік, заң үстемдігі және әділеттілік қағидаттары сөз болды. Сондай-ақ азаматтардың ұсыныстары eGov және e-Otinish платформалары арқылы жинақталып, арнайы комиссия тарапынан жан-жақты қаралғаны айтылды.

Конституциялық комиссия мүшелері жобада адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, сот тәуелсіздігін нығайту, цифрлық құқықтар мен жеке деректердің қорғалуына ерекше мән берілгенін жеткізді. Сонымен қатар экология, мәдениет, білім мен ғылымды дамыту мемлекет пен қоғамның ортақ құндылығы ретінде айқындалған.

Жиын барысында саяси партиялар мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері де өз пікірлерін білдіріп, реформаны қолдайтындарын айтты.

Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі жаңа Конституция жобасы бойынша түпкілікті шешім республикалық референдум арқылы қабылданатынын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

berdaly_oraz

АРЫСТЫҚ КЕЛІН ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА «БАС ЖҮЛДЕНІ» ЖЕҢІП АЛДЫ

Redaktor Arysinfo

«MIRAS» КЕҢЕСІ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

berdaly_oraz