Түркістанда жобадан ауытқып салынған құрылыс сот шешімімен бұзылуда

Түркістан қаласында құрылыс нысандарын заң талаптарына сәйкестігін бақылау жұмыстары күшейтілді. Қала сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан жүргізілген зерделеу барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.

Соның бірі — Түркістан қаласындағы Шымкент тас жолы көшесі, №22 мекенжайда орналасқан нысан. Аталған жер телімі мейрамхана мен сауда орны, сондай-ақ ғимараттарға қызмет көрсету мақсатында берілген. Алайда сотта қаралған іс нәтижесінде нысанның бекітілген жобадан ауытқып салынғаны белгілі болды.

Нақтырақ айтқанда, жобада ашық алаңша (терасса) ретінде қарастырылған ғимараттың 5-қабатындағы бөлік рұқсатсыз тұрғын бөлме ретінде салынған. Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұл бөлікті жауапкердің өз қаражаты есебінен бұзу туралы шешім шығарды. Қазіргі таңда сот шешімі орындалып жатыр.

Мамандардың айтуынша, бұл жағдай құрылыс жұмыстарын тиісті рұқсат құжаттарынсыз немесе бекітілген жобадан ауытқып жүргізудің заңдық салдары бар екенін көрсетеді.

Осыған байланысты қала сәулет бөлімі кәсіпкерлер мен құрылыс салушыларды Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Құрылыс бастамас бұрын жер теліміне құқық белгілейтін құжаттар, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, эскиздік жоба, жобалау-сметалық құжаттама және тиісті сараптама қорытындысы толық рәсімделуі тиіс.

Сала мамандары қала сәулеттік келбетін сақтау мен заң талаптарын орындау әрбір құрылыс салушының жауапкершілігі екенін ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

Сайрамдағы облыстық спорт мектебінде 5 чемпион даярланды

berdaly_oraz

Бүгін Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Түркістан облысына келді

Redaktor Arysinfo

Өңір жаңалығы: Ордабасыда жылына 90 млн дана кірпіш өндіретін зауыт ашылады