Түркістандағы аламан айтыста Шұғайып Сезімхан бас жүлдені иеленді

Түркістан қаласында «Тұран дала, әз Түркістан» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Ұлыстың ұлы күнінде Түркістанның ерекше мәртебе алу құрметіне орай ұйымдастырылған сөз сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен 14 айтыскер қатысып, өнер додасында бақ сынады.

Аламан айтыстың нәтижесінде бас жүлдені Шұғайып Сезімхан жеңіп алып, 1 500 000 теңге сыйақыға ие болды. Жеңімпазды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтап, марапатын табыс етті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер

Жүлделі І орын – Дәурен Ақсақалов.
ІІ орын – Нұрбек Бәкір.
ІІІ орынға үш ақын лайық деп танылды: Әсел Ережеқызы, Мұхтар Ниязов және Зылиха Наурызалина.
Қатысушыларға арнайы жүлделер мен қаржылай сыйлықтар берілді.

Айтыстың әділқазылары мен жүргізушісі

Аламанды ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Аманжол Әлтай жүргізді.

Әділ қазылар құрамында «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының» басқарма төрағасы, «Отан» орденінің иегері Жүрсін Ерман және айтыс өнерінің белгілі тұлғалары болды.

Бұл дүбірлі дода қазақ айтыс өнерінің мәртебесін тағы бір мәрте асқақтатып, көрерменге рухани қуаныш сыйлады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан логистика орталығына айналуы мүмкін: Нұралхан Көшеров Қытай инвесторларымен келіссөз жүргізді

berdaly_oraz

Арыста тазалық талаптарын бұзғандарға 333 әкімшілік хаттама толтырылды

berdaly_oraz

Түркістан облысының жұмысшы мамандар даярлайтын колледж өкілдері Қытайда тәжірибе алмасты