Арыста тазалық талаптарын бұзғандарға 333 әкімшілік хаттама толтырылды

Арыста тазалық талаптарын бұзғандарға 333 әкімшілік хаттама толтырылды

 

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында рейдтік іс-шаралар жалғасуда. Жұмысшы топ орталық базар аумағын аралап, тұрғындарға тазалықты сақтау және ғимарат қасбеттерін талапқа сай күтіп ұстау жөнінде ескертулер жасады.

 

Қала әкімдігінің мәліметінше, жыл басынан бері абаттандыру және тазалық талаптарын бұзған азаматтарға қатысты 333 әкімшілік хаттама рәсімделген. Оның 118-і ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы, 215-і 505-бабы бойынша толтырылған.

 

Рейд барысында тұрғындарға тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға тастамау, өздеріне тиесілі аумақты таза ұстау қажеттігі түсіндірілді. Қала әкімдігі тазалық талаптарының сақталуын бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

КЕНТАУДАҒЫ ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

berdaly_oraz

Мемлекеттік туға қатысты жаңа талаптар: Қазақстанда не өзгерді?

Redaktor Arysinfo

Түркістан: Кентауда балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті.

Redaktor Arysinfo