ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ: ТҮРКІСТАНДА ОҚЫРМАНДАРҒА 120 КІТАП ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай Түркістанда мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор игі шара өтті. Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы бірлесіп ұйымдастырған акция барысында қала тұрғындары мен қонақтарына 120 дана кітап тегін таратылды.

Бұл бастама тек кітап тарату шарасы ғана емес, оқырманға жасалған рухани сый әрі білімге жетелейтін маңызды қадам болды. Таратылған кітаптар түрлі жанрларды қамтып, оқырман сұранысына сай іріктелді.

Игі іс ұлттық кітап күні аясында кітаптың қоғамдағы орнын айқындап, оқырман мәдениетін дамытуға және рухани құндылықтарды насихаттауға өз үлесін қосты.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс әкімі өрттен зардап шеккен отбасыларға барды

berdaly_oraz

Сауранда «Бейбітшілік – ел тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті

Жоғалған бүлдіршіннің тағдыры жүректі ауыртты

Redaktor Arysinfo