ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН АУДАРЫМДАР КӨЛЕМІ ҚЫСҚАРДЫ

Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер көлемі едәуір қысқарды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ұлттық қордан алынатын қаражат көлемі шамамен екі есеге азайған. Мұндай өзгеріс жаңа бюджеттік ережелердің енгізілуімен байланысты. Енді мемлекет қор қаражатын бұрынғыдай кең көлемде пайдаланбай, оны сақтауға басымдық беріп отыр.

Соның нәтижесінде бюджет шығындарының Ұлттық қорға тәуелділігі азаяды. Қазіргі таңда Ұлттық қор активтерінің жалпы көлемі шамамен 64,6 миллиард долларды құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

Redaktor Arysinfo

Түркістанда кәріз жүйелері бойынша ауқымды жобалар жүзеге асуда

Созақтық түлектер ауылға жаңа саябақ салып берді

berdaly_oraz