«Ұлттық қор – балаларға»: әр балаға 130,71 доллар аударылды

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 18 жасқа толмаған әрбір қазақстандық баланың шотына 130,71 доллардан аударылды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұлттық байлықты әділ бөлу және жастарға тең мүмкіндік беру мақсатында жүзеге асырылып отыр.

2026 жылы бағдарламаға 2008–2025 жылдары туған 6,9 млн-нан астам бала қатысқан. Ал биыл 18 жасқа толған 356 мыңнан аса жас қазақстандыққа жалпы сомасы 44,5 млн доллар қаражат аудару көзделген. Бағдарлама басталғалы бері жинақталған қаражаттың көлемі әр балаға шаққанда 370,56 долларды құрайды.

Жиналған қаржы тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім алуға бағытталуда. Ата-аналар мен қатысушылар өз шотындағы қаражатты kids.enpf.kz сайты, eGov.kz порталы және бірқатар банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексере алады.

Ұқсас жаңалықтар

Мектеп оқулығындағы сілтеме дауы: Оқушылар букмекерлік сайтқа тап болған

berdaly_oraz

Кибералаяқтық бақылауда: полиция форумы 1000-нан астам адамды жинады

Запущен сайт коалиции за народную Конституцию

berdaly_oraz