Үш айналым жасайды: «Арыс – Монтайтас» бағытындағы жаңа автобус кестесі бекітілді

Арыс қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 2025 жылдың 1 мамырынан бастап Ж. Тұрсымбековтың бекітуімен «Арыс – Монтайтас» бағытындағы автобустардың жаңа кестесі енгізілді.

Жаңа кестеге сәйкес, қоғамдық көлік аталмыш бағытта күн сайын үш айналым жасайды:

Таңғы рейс: 08:00-де Монтайтастан шығып, 09:30-да Арыс қаласына келеді.

Түскі рейс: 12:00-де Арыстан шығып, 13:30-да Монтайтаста болады. Сол күні 14:00-де қайта Арыс қаласына бағытталады.

Кешкі рейс: 18:00-де Арыстан Монтайтастан қайта шығып, 19:30-да Арыс қаласына оралады.

Аталған өзгеріс тұрғындардың ауыл мен қала арасындағы қатынасын жеңілдетіп, қоғамдық көлікке қолжетімділікті арттыруды мақсат етеді.

Ұқсас жаңалықтар

5 мың адам көлік салығын төлемеген

«ЕҢБЕК КУБОГЫ»: ТҮРКІСТАНДА КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТУДЕ

berdaly_oraz

Қазақстанда балаларға арналған SIM карта пайда болмақ

berdaly_oraz