Зейнетақы қорындағы қаражатты ипотеканы жабуға қолдануға рұқсат беріледі

Зейнетақы қорындағы қаражатты ипотеканы жабуға қолдануға рұқсат беріледі,-деп хабарлайды Арысинфо.кз.

Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шекті сомадан асқан қаржыны пайдалану тетігі кеңейеді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұсынған жаңа бастамаға сәйкес, енді азаматтар бұл қаражатты ипотекалық несиенің негізгі қарызын өтеуге бағыттай алады.

Басты ерекшелігі — бұрынғыдай банктің пайыздық төлемі ұсталмайды. Бұл тұрғындардың қаржылық жүктемесін азайтып, баспананы ертерек иеленуге мүмкіндік береді.

Құжат қазір талқылау сатысында. Министрлік бұл өзгеріс тұрғын үй саясатының тиімділігін арттырады деп күтуде.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада салынатын LRT вагондары Қытайда жасалып жатыр

berdaly_oraz

Түркістан көшелеріне жаңа автобустар шықты

berdaly_oraz

Нұралхан Көшеров Ордабасы тұрғындарымен кездесті: өзекті мәселелер мен даму жоспары сөз болды

berdaly_oraz