Жетісай ауданында тіркелген өрт фактісіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, куәгерлерден жауап алынып, өрттің шығу себептері жан-жақты тексерілуде. Тергеу толық аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады.
