Жетісайда тік дренаждарды қалпына келтіретін мердігерлерге қатаң ескерту жасалды

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудандағы агросектор өнімділігін арттыру мақсатында тік дренаждарды қалпына келтіру, жерасты су деңгейін төмендету және көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын тексерді. Жиынға аудан әкімінің салаға жауапты орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері және мердігер компания өкілдері қатысты.

2023 жылдың қазан айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «ҚазСушар» РМК тапсырысымен «Ислам Даму Банкі» қаржысы есебінен басталған 210 дана тік дренажды қайта қалпына келтіру жұмыстары 2026 жылдың сәуір айында толық аяқталып, ел игілігіне тапсырылады деп жоспарланған.

Жоспар бойынша:

«КиікбайСтройСервис» ЖШС Мақталы, Қызылқұм, Абай ауылдық округтеріндегі 97 дана тік дренажды қалпына келтіріп, 16 мың гектар алқаптың мелиоративтік жағдайын жақсартса,

«Арт-Құрылыс» ЖШС Ералиев, Ынтымақ, Ш.Ділдабеков округтеріндегі 113 дана дренажды қалпына келтіріп, 20 мың гектар алқапты қайта қалпына келтіруді көздеген.

Алайда тексеру барысында мердігерлердің жұмысының бір бөлігі тұрғындар мен шаруалар үшін кедергі туғызғаны анықталды. Кейбір жерлерде қашыртқылар беті ашық қалып, автожолдарға зиян келтірілген.

«Тік дренаждардың істен шығуы жер асты суының деңгейін көтеріп, егістік алқаптардың өнімділігін төмендетеді. Сіздердің жұмыстарыңыз осы кемшіліктерді жоюға бағытталған. Сондықтан бәрі талапқа сай, заңға сәйкес орындалуы керек. Анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде түзету қажет», – деді Серік Үсенұлы.

Аудан әкімі әр мердігерге жеке-жеке ескерту жасап, атқарылған жұмыстардың сапасын мамандармен қатаң тексеретінін жеткізді. Қазіргі уақытта аудан бойынша жалпы 380 дана тік дренаждың тек 170 данасы тұрақты жұмыс жасап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ 1,8 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖУЫҚТАДЫ

Redaktor Arysinfo

Арыста «Түнгі рейд» іс-шарасы өтуде

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АГРОӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӨНІНЕН ЕЛДЕ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА

berdaly_oraz