Сурет: Әлеуметтік желіден | Мақала авторлары: Бердалы Ораз ,Сағыныш Тоқтамыс
Жапонияда туған кішкентай макака өмірінің алғашқы күндерінен-ақ қиын сынаққа тап болды.Итикава қаласындағы зообақта дүниеге келген маймыл анасыз қалған.
Қызметкерлер оны ерекше күтімге алып, қолдан бағып жатыр. Бірақ табиғи жылулықтың орнын ештеңе толтыра алмаған сезген мамандар оған жұмсақ ойыншық беріп,анасыз қалғанын ұмыттыруға тырысты.
Кішкентай маймыл үшін бұл жұмсақ ойыншық –анасының орнын басқандай.
Қазір ол ойыншықты құшақтап ұйықтайды. Қорықса, соған тығылады. Ойнаса, қасынан екі елі тастамайды.
Бұл көрініс әлем жұртының жүрегін елжіретіп,мынандай тұжырымға келді: «Кейде қарапайым құшақтау да, анасыз қалған кішкентай жан үшін жылулық сыйлай алады.Оларға шын жүректен шыққан мейірім мен қамқорлық қана қажет — сол ғана олардың жүрегін жылытып, үміт бере алады».
