Арыс қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Арыс қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Қайсар Маңқараев төрағалық етіп, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбай, мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, комиссия мүшелері, аппарат қызметкерлері, бөлім басшылары, ауыл әкімдері мен мектеп директорлары қатысты.

Күн тәртібінде қоғам үшін өзекті төрт мәселе қаралды. Алғашқы болып сөз алған Гүлзия Нұрғалиқызы «Қаржылық пирамидалар және интернет алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында баяндама жасап, соңғы уақытта жиілеген киберқылмыстар мен қаржы пирамидаларының қауіптері туралы айтты. Ол тұрғындарды қаржылық сауаттылықты арттыруға шақырып, алаяқтықтың негізгі белгілерін түсіндірді.

Бұдан кейін «Жол-көлік оқиғаларының алдын алу», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және отбасылық құндылықтарды нығайту» және «Кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу» мәселелері талқыланды. Тиісті сала басшылары осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қабылдануы тиіс шараларды ұсынды.

Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданып, сала мамандарына шұғыл тапсырмалар жүктелді. Алдағы уақытта құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдар бірлесе отырып, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, тиісті бақылауды арттыруға басымдық бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда полицейлер мектеп оқушыларына құқықтық сауаттылық бойынша дәріс өткізді

berdaly_oraz

Сарыағаштық мектеп директоры Әсел Арапова «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды

berdaly_oraz

Шымкенттегі Теміржол вокзалындағы символдық сағат қайта іске қосылды

berdaly_oraz

Пікір жазу