12 қаңтар — Дінмұхамед Қонаев атамыздың туған күні

Бүгін Қазақстан Компартиясының көрнекті жетекшісі Дінмұхамед Қонаевтың туған күні. Ол 1912 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қонаевтың еңбек жолы тау-кен өнеркәсібі мен инженерлік қызметтен басталып, кейін мемлекеттік басқару саласында көрнекті орынға көтерілді.

1936 жылы Мәскеудің Түсті металл институтын тәмамдап, тау-кен инженері мамандығын алған. 1937–1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигінде бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және директоры қызметтерін атқарды.

1939 жылдан бастап «Алтайполиметалл» комбинатында бас инженердің орынбасары, Риддер руднигінің және Лениногор кен басқармасының директоры болды. 1942–1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары ретінде еңбек етті. 1955–1960 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

1960–1986 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарып, республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуына айтарлықтай үлес қосты. Оның кезінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және инфрақұрылым салалары белсенді дамыды.

1986 жылы 16 желтоқсанда Дінмұхамед Қонаев Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұл шешім қазақ жастарының наразылығына ұласып, кейінгі Желтоқсан оқиғасына себеп болды.

Қонаев бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланып, республика үшін адал қызмет етті. Оның есімі Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тарихи тұлғалардың бірі ретінде мәңгі есте қалмақ.

Автор: Бердалы Ораз

Ұқсас жаңалықтар

БІЛІМ – ҰЛТ БОЛАШЫҒЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ

Redaktor Arysinfo

Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады

Redaktor Arysinfo

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ БІР МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo