“Қатын құтырған заман болды” — Ақын Бақыт Беделханның даулы пікірі желіні шулатты

Ақын Бақыт Беделхан журналист Қанат Тілеуханға берген сұхбатында қоғамда резонанс тудырған мәлімдеме жасады. Ол алдымен психологтардың отбасылық қатынасқа араласуын сынға алып, “психологтар үй бөлшектеушіге айналды” деп ашық айтты.

Сөзінің жалғасында ақын әйелдердің құқығын қорғау мәселесіне байланысты билікке ренішін жеткізді. Оның айтуынша, әйелге дауыс көтерген немесе қол жұмсаған ерлердің дереу жауапқа тартылуы “әйелдерді одан сайын құтыртқан”.

Ақынның “Қатын құтырған заман болды” деген сөзі желіде найзағайдай таралып, қоғамды екіге бөлді. Бірі — ақынды қолдап, отбасылық құндылықтар әлсіреп барады десе, енді бірі — оның сөзін әйелді кемсіту деп бағалап, сынға алуда.

Қазір бұл пікір әлеуметтік желілердегі ең қызу талқыланып жатқан тақырыптардың бірі.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ ОРДАСЫНАН БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МУЗЕЙ МЕН АРНАЙЫ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ДРОППЕРЛІКПЕН АЙНАЛЫСҚАНДАР 10 ЖЫЛҒА ДЕЙІН БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙРЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА ТОҚЫМА ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІ БАСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo