Eнді дүкендерде немесе басқа сауда нүктелерінде бір ғана QR код арқылы төлем жасау мүмкіндігі пайда болды. Жүйеге қосылған банктер қатарына Халық банкі, ЦентрКредит, Freedom Bank, Altyn Bank, RBK және Home Credit кіреді. Алайда Kaspi Bank осы ортақ жүйеге қосылған жоқ.
Бұл жүйе сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін төлем процесін жылдам әрі ыңғайлы етеді.
