7 Сәуірге арналған Ауа райы: Жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі

Бүгін, 7 сәуірде, Қазақстанның көптеген өңірінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Шығыс өңірлерде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде ашық күн күтілуде.

Түнгі уақытта оңтүстік, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Ал күндіз жауын-шашын Орталық Қазақстанға да жетеді. Ел аумағында желдің күшеюі, тұман түсіп, көру мүмкіндігінің нашарлауы ықтимал. Оңтүстік өңірлерде жел екпіні артып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Аймақтар бойынша нақты болжам:

Астана: Күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Ауа температурасы +17…+19 °C. Желдің жылдамдығы 7–12 м/с.

Алматы: Найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз +21…+23 °C. Желдің екпіні 12 м/с-ке дейін жетеді.

Шымкент: Ала бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +21…+23 °C. Жел 8–13 м/с жылдамдықпен соғады.

Мамандар тұрғындарға ауа райына байланысты сақтық шараларын сақтауға кеңес береді, әсіресе жолдарда және ашық алаңдарда абай болу қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 6 жасар бала кәріз суына батып қайтыс болды

berdaly_oraz

АҚШ-та Трамптың туылған күнін мереке күні ету ұсынылды

berdaly_oraz

Әлем жабылса да, Қазақстан жабылмайды

berdaly_oraz

Пікір жазу