Сурет: turkistan tv
Құрметті Арыс қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Азаматтық қорғау күштері мен құралдарының көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындығын пысықтау мақсатында 2026 жылғы 25–27 ақпан аралығында «Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығу аясында 25 ақпан күні сағат 11:00-де бірыңғай құлақтандыру сигналы қосылып, аумақтық деңгейдегі азаматтық қорғау жүйесі тексеріледі.
Бұл – жоспарлы жаттығу шарасы. Тұрғындардан сабырлық сақтап, тәртіпке бағынуды сұраймыз.
