Сарыағашта соңғы қоңырау мен жазғы демалысқа дайындық пысықталды

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Басқосуға полиция, прокуратура, білім, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау саласының өкілдері, мектеп басшылары, ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңестердің төрағалары қатысты.

Отырыста «Соңғы қоңырау» іс-шарасы кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бітірушілер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Білім бөлімі мен төтенше жағдайлар басқармасы арнайы баяндама жасап, аудандық аурухананың есебі тыңдалды.

Жиын барысында қатысушылар тарапынан нақты ұсыныс-пікірлер айтылып, атқарылатын шаралар нақтыланды. Комиссия отырысын қорытындылаған Алдияр Қозыбаев тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, барлық іс-шараның жүйелі және қауіпсіз түрде өтуін міндеттеді.

Ұқсас жаңалықтар

Нұралхан Көшеров Түрікменстан делегациясымен кездесті

berdaly_oraz

Түркістандық спортшылар Азия чемпионатынан 7 медаль жеңіп алды

berdaly_oraz

Түркістан облысы Бадам тас жолында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, екі адам қаза тапты

berdaly_oraz