2023 жылы Түркістан облысында 1416 адамды кене шаққан, оның 11-інен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) анықталған. Бұл көрсеткіш аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігін көрсетеді.
Кенеден келетін қауіптің алдын алу үшін биыл 124 елді мекенде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Дезинсекциялық шаралар 26 наурызда басталады. Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға, кене шаққан жағдайда дереу дәрігерге қаралуға шақырады.
КҚГҚ – аса қауіпті вирустық инфекциялардың бірі. Ауру жоғары температурамен, қан кетумен және ауыр интоксикациямен өтеді. Оны жұқтырған жағдайда ерте диагностика мен медициналық көмектің маңызы зор.