Мектеп емтихандарының мерзімі Құрбан айт мерекесіне байланысты өзгеруі мүмкін

Оқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылындағы мектеп емтихандарының мерзімдерін қайта қарастыруда. Бұл өзгерістер Құрбан айт мерекесіне сәйкес келуіне байланысты енгізілмек.

Жоспарланған емтихан мерзімдері:

9 (10)-сынып оқушылары үшін: 2025 жылғы 29 мамырдан 9 маусымға дейін.

11 (12)-сынып оқушылары үшін: 2025 жылғы 30 мамырдан 13 маусымға дейін.

Бұл мерзімдер өткен жылдармен салыстырғанда біршама кеш аяқталады. Мысалы, 2022-2023 оқу жылында 9 (10)-сыныптардың емтихандары 2-13 маусым аралығында, ал 11 (12)-сыныптардың емтихандары 5-19 маусым аралығында өткен болатын.

Аталған бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 7 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда ҚМДБ-ның Ислам институты ашылмақ

АРЫСТА 13 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ЗАМАНАУИ AVTOBYS ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo

БАЗАРЛАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

berdaly_oraz