ТҮРКІСТАНДА ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ЕЛ ЫНТЫМАҒЫН НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Этносаралық татулық пен ынтымақтастық – негізгі құндылығымыз» тақырыбында семинар өтті деп хабарлайды Arysinfo тілшісі

Бірлікке үндеген жиын Түркістан облысы өзбек этномәдени бірлестігі, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы Түркістан облысы өкілдігі және «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Басқосуға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, ҚР «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, Түркістан облысы өзбек этномәдени бірлестігі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Зуппархан Чалданов, сондай-ақ өңірдің аудан, қалаларынан келген ақсақалдар, зиялы қауым, депутаттар, имамдар, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.

Семинар барысында Түркістан облысының бас имамы Ержан қажы Сматұлы «АХАЖ (ЗАГС) кітапшасы берілмеген жастардың некесін қимау», Түркістан облысы өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Бахтиер Шамұратов «Этносаралық татулықты нығайту – басты мәселе», Төлеби ауданы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Жамол Қадыров «Аралас мектептердегі Отанға деген патриотизмді насихаттау», Түркістан қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Райымжан Қошқаров «Түркістан – түркі халықтарының алтын бесігі» тақырыптарында мазмұнды баяндама жасады.

Баяндамашылар мінбер төрінде елімізде ұлтына және сеніміне қарамастан, әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға, елімізді мекен еткен барша этнос өкілдерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, рухани құндылықтарын дамытуға жағдай жасалғанын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішінде елдің ынтымағын сақтауда, этносаралық татулықты нығайтуда маңызды рөл атқарып отырғанын тілге тиек етті.

Жарыссөзге шыққан Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, ҚР «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов, Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нышанбаевтар семинардың маңыздылығына тоқталып, мұндай алқалы жиын елдің бейбітшілігіне, тұрақты дамуына зор септігін тигізетінін айтты.

Облыстық семинар қорытындысы бойына арнайы Үндеу қабылданды. Үндеуді «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Раимжан Алибаев оқып, таныстырды.

 

Ұқсас жаңалықтар

TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа функцияларды іске қосады

berdaly_oraz

Түркістан облысында әкімдердің жұмысын бағалайтын рейтинг жүйесі енгізілді

berdaly_oraz

Александр Лукашенко жетінші мәрте Беларусь президенті болып қайта сайланды

berdaly_oraz

Пікір жазу