Түркістанда жасанды көлі бар жаңа саябақтың құрылысы басталды

 

Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында жалпы аумағы 32 гектарды құрайтын жаңа қалалық саябақтың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл – қала тұрғындары мен туристерге арналған жайлы әрі заманауи демалыс орнына айналатын ірі жобалардың бірі, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Саябақтың басты ерекшелігі – орталық бөлігінде жасанды көлдің орналасуы. Сондай-ақ жобада жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер, субұрқақтар, сарқырамалар, көру алаңдары, қоғамдық тамақтану орындары, архитектуралық аркалар мен заманауи орындықтар қамтылған. Жоба 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы саябақ құрылысын арнайы аралап, жұмыс барысымен танысты. Әкім мердігер мекемелер мен сала мамандарына құрылыс сапасы мен мерзімі бойынша нақты тапсырмалар беріп, анықталған кемшіліктерді жоюды талап етті.

Қазіргі уақытта саябақтың негізгі құрылымдары салынған, енді аяқтау жұмыстары жүргізілуде. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шерзат Полат ісі: «Абзал Шынасыл мені итеріп құлатты» – марқұмның әжесі сотта жауап берді

berdaly_oraz

Қоғам қауіпсіздігі: Пробацияның мүмкіндігі мен міндеті

berdaly_oraz

Нұралхан Көшеров Түркістан облысында кәсіпкерлікті

berdaly_oraz

Пікір жазу