ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМІНІҢ МАҚТАНЫШЫ

Адамзат баласы осы қиындығы мен қызығы қатар жүретін мынау дүниеде қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да өміріндегі ең бір ұмытылмас кездер — университет қабырғасындағы керемет шақтар. Менде осы бір керемет кезеңнің табалдырығын аттап, балалық шақпен қоштасып, жаңа бір белеске аяқ бастым. Алатаудай асқақ арманым мені Алматы шаһарына, терең тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне жетеледі. Университет табалдырығын аттаған күннен бастап, мені жаңа әлем, жаңа адамдар, жаңа достар күтіп тұрғанын, оған қоса мойнымда үлкен жауапкершіліктің барын бірден сезіндім. Өйткені осындай заңғар университеттің студенті атану әркімге бұйыра бермес бақ деп білемін.

Университеттің тарихы еліміздің маңызды кезеңдерімен тығыз байланысты. Яғни, бұл Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуындағы баспалдақтың алғашқы әрі негізгі сатыларының бірі екендігін көрсетеді. Біздің университет Халықаралық университеттер Ассоциациясына кірген еліміздегі алғашқы жоғарғы оқу орны. ҚазҰУ Түркия, Иран, Қытай, Оңтүстік Корея, Египет секілді білімі мен мәдениеті ұштасқан ірі университеттермен тікелей байланыс орнатқан.

Жаһандық ең танымал және беделді Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жоғары баға алып, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. Айта кету керек, ҚазҰУ – «Бес жұлдыз»  марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз оқу орны. Әлемдік жоғары білім беру тарихында бұрын-соңды болмаған қарқынды дамуды көрсете отырып, әлемнің ең үздік 200 университеттерінің қатарына енген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны болды. Сонымен қатар, Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы рейтингінде ҚазҰУ «АА+» бағасын иеленіп, жетекші еуропалық жоғары оқу орындарының қатарына енді. Барлық осы жетістіктер арқасында ҚазҰУ түркі және ислам әлемінде ең үздік университет ретінде танылды.

БҰҰ-ның «Академиялық әсер» бағдарламасының тұрақты дамуға арналған ғаламдық хабы ретінде ҚазҰУ Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде таныстырылған «Университет 4.0» моделін жасап шығарып, оны енгізді.

Сонымен қатар, ҚазҰУ «UI Green Metric Ranking of World Universities» әлемдегі ең экологиялық таза университеттердің жаһандық рейтингінің зерттеуіне сәйкес 78 елдің 700 университеттерінің арасында алғашқы 200 университет қатарына енді.

Университеттегі уакыт студент үшін бағаланбас,  өте құнды, қызығы мен шыжығы мол кезең. ҚазҰУ дәл мен сипаттаған студенттік жылдардың  себепшісі, мүмкіндіктердің мекені. Университеттегі қамтылған біршама мамандықтар бойынша студенттер, магистрлар және докторанттар білімдерін толықтыруда. Оқу ордамызда әр студенттің тұлғалық дамуына жағдай жасалған. Егер студент өнерге жақын болса, онда ҚазҰУ дегі барлық талантты жастардың ұйымы немесе инновациялық жобалар, жаңа ашулар сынды қызығушылыктары бойынша да талай жылдар бойы жұмыс жасап келе жатқан ұйымдар баршылық.

Әр оқуға қабылданған студенттің алдағы оқуының басты мақсаты — жоғарғы білім мен тұлғалық дамуды ұштастыра отырып, маман иесі атану. Берілген уақытты пайдалану арқылы, өзінді көрсету, лидер болу, өз салаңды табу сынды белгісіз болған қырларыңды ашу кажет. Бұл салада халықаралық конференциялар, олимпиадалар, оқу тәжірибесі мен кураторлық іс-шаралар әсер етуде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері мен магистранттары оқуды аяқтаған соң, білім алған ұясын «қарашаңырағым» деп атайды. Маман атанып қолына диплом ұстаған жалындап тұрған қыздар мен жігіттердің көзіндегі қуанышты сөзбен айту мүмкін емес. Мен де солардың қатарында болып, қолыма дипломымды алып, болашаққа нық қадам басып, алға басуды күтудемін.

Айта берсең, біздің университеттің ұлттық, әлемдік, халықаралық жетістіктері орасан зор. Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда, сонымен бірге еліміздің ертеңгі тұлғаларына айналар жас ұрпақтың рухани болмысын қалыптастыруда білім ордасы үлкен іс-шараларды жасап келеді. Ендеше, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің білім алушылары мен түлектері үлкен белестерді бағындырудан талмай, қазақ елінің әлеуметтік, саяси, мәдени, экономикалық дамуына орасан зор үлесін қоса отырып, қоғамымызды көштен қалдырмай өрге сүйреп, әлемнің көшбасшы 30 елінің қатарына қосады деп сенемін. Олай болса әрқайсысымыз ел маған не берді деп емес, елге мен не беремін деп еңбек етейік.

 

Мамытбек А.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қаржы мамандығының  студенті

“Қаржы және есеп” кафедрасының аға оқытушысы:Кукиев А.Д

Ұқсас жаңалықтар

«Серпін» бағдарламасымен 800-ден астам түркістандық түлек грантқа түскен

Альфия Адамбек

АРЫСТЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК 30 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Redaktor Arysinfo

АРЫСТЫҚ ӨНЕРПАЗ Н.НАЗАРБАЕВ ҚОРЫ ҰСЫНҒАН СТИПЕНДИЯ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Пікір жазу