АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ҚАЙСАР МАҢҚАРАЕВ АҚҚАЛА АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев Аққала ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық мәселелері мен тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді ашық айтып, ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік алды. Ауылдағы инфрақұрылым, көше жарықшамы, жайылым жер сынды мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Әрбір сұраққа әкім нақты жауап беріп, алдағы уақытта олардың кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.

«Ауылдың әрбір мәселесі біздің назарымызда. Қазірдің өзінде ауылды газдандыру секілді бірқатар инфрақұрылымға қатысты жобалар іске асырылып жатыр», – деді Қайсар Зәкірұлы.

Кездесу барысында қала әкімі ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін бақылауға алатынын және шешім қабылдау кезінде жергілікті тұрғындардың пікірі ескерілетінін жеткізді. Тұрғындар осындай ашық әрі жан-жақты кездесу үшін алғыстарын білдіріп, ауылдың одан әрі көркейетініне сенім білдірді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Төлебиде балаларға арналған модульді лагерь ашылды

Альфия Адамбек

Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

berdaly_oraz

Қарапайым отбасыдан шыққан шымкенттік оқушы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарынан шақырту алды

Альфия Адамбек