Түркістан: Woosong University Kazakhstan студенттері Президентке алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атына “Dostyq Fellowship” бағдарламасы аясында Корея Республикасында өткен Capstone Project жобасына қатысып қайтқан Woosong University Kazakhstan университетінің 12 студенті алғыс хат жолдады.

Студенттер Мемлекет басшысына елімізде білім беру саласын дамытуға және жастардың халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауына бағытталған жүйелі қолдау көрсетіп отырғаны үшін шынайы ризашылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктер халықаралық стандарттарға сай білім алуға, озық тәжірибелерді меңгеруге және жаһандық бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуға жол ашып отыр.

Үш аптаға созылған Capstone Project бағдарламасы барысында қазақстандық студенттер жасанды интеллект, IT және бағдарламалау бағыттары бойынша нақты жобалармен жұмыс істеп, халықаралық профессорлар және мамандармен бірлескен тәжірибе алды. Бағдарлама кәсіби білімді тереңдетумен қатар, командалық жұмыс, жобалық басқару, жүйелі ойлау және жауапкершілікті бөлісу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, шетелдік студенттермен бір ортада білім алу мәдени алмасуды нығайтып, халықаралық ынтымақтастық пен өзара құрмет құндылықтарын терең түсінуге ықпал етті.

Woosong университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен ұйымдастырушылары тарапынан көрсетілген қолдау сапардың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етті.
Бағдарлама қатысушылары алған білімдері мен тәжірибелерін ел игілігіне бағыттауды азаматтық міндет санайтынын айтады.  Атап айтқанда, Түркістан қаласында IT және цифрлық технологиялар саласын дамытуға, жастарға арналған инновациялық бастамаларды қолдауға үлес қосуды жоспарлап отыр.

Жоба қатысушысы Алимуратова Арайлымға Кореяға келгенде өзін мүлде басқа академиялық ортада сезінгені, қалалардың тазалығы мен адамдардың сыпайылығы ерекше әсер еткені,  университетте Capstone project бойынша корей студенттерімен бірге жұмыс істеп, идеядан бастап презентацияға дейінгі толық процестен өткенін ерекше әсер еткен. Осындай халықаралық тәжірибе алуға мүмкіндік бергені үшін студент жастар  Президентке шынайы ризашылықтарын білдіруде.

Ұқсас жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ 2026 ЖЫЛДАН БАСТАП СӘН-САЛТАНАТ САЛЫҒЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

Redaktor Arysinfo

Шымкентте екі айда елуден аса тұрғын туберкулез жұқтырған

Альфия Адамбек

Жолдағы тәртіпті дрондар бақылайды: жаңа жүйе іске қосылмақ

berdaly_oraz