5 маусым – Экологтар күні

Бүгін Қазақстанда Экологтар күні аталып өтуде – бұл қоршаған ортаны қорғауға атсалысып жүрген мамандардың кәсіби мерекесі.

Экология мәселесі ел дамуының стратегиялық бағыттарының бірі саналады. Өткен жылы Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған «Таза Қазақстан» ұлттық акциясы бүгінде ел аумағын қамтыған ауқымды экологиялық қозғалысқа айналды.

Ағаш отырғызу, өзен-көлдерді тазарту, қалдықтарды жою – бұл тек тазалық шаралары ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениеттің, туған жерге жанашырлықтың айғағы.

Экологияға бейжай қарамау – тек мамандардың емес, барша азаматтардың парызы.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 7263 іс-шара басталды

berdaly_oraz

Мектеп оқулығындағы сілтеме дауы: Оқушылар букмекерлік сайтқа тап болған

berdaly_oraz

Арыс қаласының сәулеттік келбетін жақсарту – күн тәртібіндегі басты мәселе

berdaly_oraz