АУЫЛДАРДАҒЫ МЕДИЦИНА НЫСАНДАРЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРАДЫ

Түркістан өңірінде шалғай ауылдарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету және инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқару қолға алынды. Иггі бастамалар тұрғындардың дәрігерлік көмекке қолжетімділігін арттырып, денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Бұл Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен денсаулық сақтау және құрылыс басқармаларының жауапты өкілдері, бас дәрігерлер және мердігерлердің қатысуымен өткен жиында айтылды деп, хабарлайды Arysinfo тілшісі.

Халық игілігіне медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарын пайдалануға тапсыру бойынша өткен мәжілісте бірқатар мәселер талқыланды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы 

2024 жылы 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарының құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 32 нысан ашылып, бүгінде жергілікті халыққа қызмет көрсетуде. 1 нысан жеке инвестор тарапынан салынған. Қалған 16 ғимараттың құрылысы аяқталған. Қазіргі таңда құрал-жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жауапты басқармалардың мәлімдеуінше, 2025 жылы Ұлттық жобадан тыс 20 ФАП-тың құрылысын жүргізу көзделген.

Өз кезегінде Бейсенбай Дәулетұлы медицина саласындағы  кемшіліктерге де тоқталды. Тез арада реттеуді қатаң ескертіп, жұмысты күшейтуді міндеттеді. Ауыл азаматтары медициналық нысандардың игілігін көруге тиіс,-деді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық дәрігерлер 500 грамм салмақпен туылған сәбиді аман алып қалды

Альфия Адамбек

Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

berdaly_oraz

Жамбыл облысында 3 қыз газдан уланып мерт болды

Пікір жазу