Қазақстандықтар қымбат медициналық көмекті тегін алып жатыр

Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі халыққа қолжетімді медициналық қызмет көрсетудің негізгі тетігі болып қала береді.

Бүгінде азаматтар мемлекет есебінен дәрігерлік консультациялардан бастап, құны ондаған миллион теңгеге жететін жоғары технологиялық операцияларға дейін тегін медициналық көмек алуда. Олардың қатарында кардиохирургиялық және нейрохирургиялық операциялар, ағза трансплантациясы, онкологиялық ауруларды емдеу және сирек кездесетін дерттерге шалдыққан науқастарды емдеу бар.

Сонымен қатар онкологиялық тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізіліп, шамамен 300 мың адамға қосымша диагностикадан өтуге мүмкіндік берді.

Денсаулық сақтау саласында жүргізілген реформалардың нәтижесінде Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары көрсеткішке – 75,97 жасқа жетті. Сондай-ақ ел Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді азайту жөніндегі мақсатына мерзімінен бұрын қол жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қытайдық ғалымдар TikTok-тағы виделдар адам миына зиян екенін айтып дабыл қақты

berdaly_oraz

Шымкентте салмағы алты келіден асатын алып сәби дүниеге келді

admin_arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 270 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА ТҰМАУ МЕН ЖРВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛЫНДЫ

Redaktor Arysinfo