Сарышаяннан зардап шеккен балаға полиция жол ашып берді

Шымкентте сарышаян шаққан жасөспірім дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында аман қалды. Уақыт жоғалтудың қауіпті екенін түсінген ата-анасы баласын өз көлігімен ауруханаға жеткізген. Жолда полиция қызметкерлері көмек көрсетіп, көлікті медициналық мекемеге дейін бастап барған.

Дәрігерлердің жедел әрекетінің нәтижесінде науқастың жағдайы тұрақтанып, өміріне төнген қауіп сейілді. Т.Орынбаев атындағы қалалық гипербариялық оксигенация орталығының мәліметінше, жасөспірім 29 мамыр күні токсикология бөліміне орташа ауыр жағдайда түскен. Қажетті ем-домнан кейін оның жағдайы жақсарып, келесі күні үйіне шығарылған.

Мамандардың айтуынша, биыл маусым басталғалы бері сарышаян шаққан 37 адам стационарлық ем алса, 102 тұрғын амбулаториялық түрде емделген.

Дәрігерлер сарышаян уы балалар, қарттар және созылмалы ауруы бар адамдар үшін аса қауіпті екенін ескертеді. Уланған адамда қатты ауырсыну, бас айналу, құсу және бас ауруы байқалуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫДА «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

berdaly_oraz

ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ТҮСУДІҢ ЖАҢА ЖОЛЫ АШЫЛДЫ

berdaly_oraz

Түркістандық спортшылар Азия чемпионатынан 7 медаль жеңіп алды

berdaly_oraz