«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫ АРЫС ҚАЛАСЫНА АЯЛДАЙДЫ

2024 жылдың қазан айының 30 мен қараша айының 2 жұлдызы аралығында елімізде ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтары және заңгерлерінің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Арыс қаласына қарасты Шағыр теміржол станциясы мен Монтайтас ауылдарына тоқтап, қала тұрғындарына тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсетеді.

Пойыздың тоқтау уақыты:
Шағыр станциясы – 30-31 қазан.
Монтайтас станциясы: 1-2 қараша.

Қабылдау уақыты: сағат 9:00-18:00 аралығы.

Бұл жерде білікті медициналық мамандардан (терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР дәрігері, хирург, уролог, невропатолог, гинеколог) тегін кеңес пен ем алуға мүмкіндіктер бар.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен (УЗИ, флюорограф және т.б.), шағын операциялық бөлме, зертхана, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған.

Жоба аясында әлеуметтік жағынан мұктаж топтарға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Олар: жалғызбасты аналар, көп балалы аналар, мүгедек және ауыр дертке шалдыққан балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер, жұмыссыз жастар, мүгедек әйелдер, зейнеткерлер, студенттер.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте МӘМС жүйесінде дербес төлеушілер саны артты

Қытайдық ғалымдар TikTok-тағы виделдар адам миына зиян екенін айтып дабыл қақты

berdaly_oraz

Түркістан өңірінде медицина нысандарының инфрақұрылымы жаңаруда

Альфия Адамбек

Пікір жазу