АРЫС: ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлесе «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының ұйымдастыруымен азаматтарды арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді деп, хабарлайды Arysinfo.

Қоғамдық қабылдау аймақтық және жергілікті жерлердегі халықтың өтініш-шағымдарын тыңдап, қордаланған мәселелерін шешуге, заңға сәйкес түсіндірме беру мақсатында ұйымдастырылған.

 Азаматтарды ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы және мемлекеттік еңбек инспекторы Туленов Мұхтар Өтегенұлы қабылдады.

Сондай-ақ «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлмахан Әділбеков қатысты.

Қоғамдық қабылдауда Амангелды Салхудинұлы азаматтар тарапынан қойылған Департаменттің құзырына қатысты сауалдарға кеңінен тоқталып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарында көзделген заңдылықтарына сәйкес түсіндірмелер берді.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа Конституцияны қолдауға қатысты әр партияның өз ұстанымы бар

Redaktor Arysinfo

Алматы облысында кәмелетке толмаған баланы ұрлап, 5 млн теңге талап еткен күдіктілер ұсталды

berdaly_oraz

Қазақстанда 2027 жылдан бастап балабақшалар лицензия бойынша жұмыс істейді

berdaly_oraz