АРЫС ХАЛҚЫНА ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕ ӨЗЕКТІ?

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев қала тұрғындарын, жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кезекті жеке қабылдауға әкім орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары қатысты.
Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігін тұрақты жұмыс, тұрғын үй кезегі, қала тазалығы мен сәулеті, жарықтандыру, денсаулық мәселесі толғандырады. Соған байланысты шахар басшысына өз ұсыныстары мен өтініштерін айта келген.
Шаһар басшысы азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, айтылған мәселелер тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
Сондай-ақ қала әкімі орынбасарлары мен бөлім басшыларына аталған мәселелерді зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы азаматтарды жеке қабылдады

berdaly_oraz

СОЗАҚ АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ӨТЕДІ

Redaktor Arysinfo

Тараз маңында жас полицей қызметтік қарумен өзін атып өлтірді

berdaly_oraz